Қауіпсіз өндіріс сақшысы

28-сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні. Атаулы датаға орай «ССКӨБ» АҚ Кадрларды оқытып даярлау орталығында еңбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлардың байқауы өтті.IMG_3197
Бүгінде кен алыбында жұмыскерлердің қауіпсіздігі – басты назарда. Сондықтан бұл конкурсқа өз бөлімшелерінде осы салада үздік атанған 21 маман өз бақтарын сынап отыр.
Алғашқы кезеңде қатысушылар «еңбек гигиенасы», «өндірістік санитария» сияқты терминдерге анықтама беріп, жұмыскер жарақат алған жағдайда қандай алғашқы медициналық көрсету керектігін айтып берді. Келесі кезең логикалық ойын түрінде өтті. Онда қатысушылар компьютерде берілген тапсырмаларды орындауы, яғни белгілі бір өндірістік факторларға қарай жұмыскерге жеке қорғаныш құралдары мен киім таңдауы қажет болды. Жас инспекторлар ұйымдастырушылар қойған талаптардың барлығын бұлжытпай орындап, ситуациялық жағдайлардан ұтымды шыға білді.
Конкурстың үшінші кезеңінде инспекторлар арнайы киімдер мен қорғаныс құралдарының қайсысы киюге жарамды, қайсысы жарамсыз екеніне көз жүгіртті. Бұл тапсырма, ең алдымен, мұқияттылықты талап етеді. Дегенмен қатысушылардың кейбірі асығыстық танытып, кезеңнен сүрініп жатты. Төртінші кезең – өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналды. Сайыскерлер тест тұрақтарына жауап беріп болған соң, өрт сөндіргіштің түрлеріне сипаттама беріп, онымен қалай жұмыс істейтіндіктерін әңгімеледі.IMG_3212
– Кен алыбында мұндай конкурстар 10 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде қоғамдық инспекторлардың саны 1900 адамға жетті. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш және бірлестіктің адам денсаулығы мен өміріне қаншалықты зор көңіл бөлетіндігін аңғартса керек. Аталмыш конкурстар қоғамдық инспекторлардың білімі мен біліктілігін көтеріп, өзара тәжірибе алмасуға таптырмас алаң болып табылады, – дейді кәсіпорынның Еңбекті қорғау және азаматтық қорғаныс департаментінің директоры Александр Бондаренко.
Байқау қорытындысы бойынша 46 ұпай жинаған 3 бірдей қатысушы 1-орынды иеленді. Олар техникалық бақылау бөлімінің маманы Елена Поткина, жылжымалы құрамды жөндеу басқармасының инспекторы Амангелді Шериев пен Автокөлік басқармасының өкілі Эльвира Валеева. Екінші-үшінші орындарға 43-44 ұпай жинаған 6 бірдей жұмысшы жайғасты. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар тағайындаған алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓