Сарбаздар ант қабылдады
Таяуда жас жауынгерлер әскер қатарына толығып, өздерінің Отан алдындағы борышын өтеуге ант қабылдады. Бұл салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысы ардагерлері Михаил Подоляков, Қажи Маманов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Евгений Аман және әскери бөлім басшылары мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Одан әрі 66/97 әскери бөлімнің ардагерлері сөз сөйлеп, әскер қатарына өткен сарбаздарға сәттілік тіледі. Еліміздің әр өңірінен жеткен жауынгерлер әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады. Бауыр еті баласының сарбаз қатарына қосылып, ант қабылдау рәсімін көрмек үшін алыстан ат терлетіп келген ата-аналары сөз сөйлеп, әскери бөлім басшыларына лебіз тілектерін жеткізді.
Нұрболат Мешітбаев
Суретте: Ант қабылдаған сарбаздар.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков