Халықпен бетпе-бет (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанай облысы әкімі А.Мұхамбетовтың халық алдында есеп беру жиыны барысында аймақ тұрғындары көкейдегі сауалдарына жауап алды. Шалғай аудандардан келген азаматтарды көбінесе қатынас жолының сапасы алаңдатады, сондай-ақ, газ тарту мәселесі және әлеуметтік, мәдени нысандарды жөндеу жайы ортаға салынды. Көптеген тұрғын сұрақтарын аймақ басшысына хат түрінде де жолдаған… Біраз мәселе бойынша сол орында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.