Даңқы асқан “ДЕП”
Қостанайлық "ДЕП" компаниясы ПРОДЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінде алтын медаль және "Үздік органикалық өнім" аталымы бойынша үш кубок жеңіп алды.
Беделді көрме 10-14 ақпанда Мәскеу қаласында өтті. Оған әлемнің 70 елінен 2621 компания қатысты. "ДЕП" компаниясы Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарымен бәсекеге түсті. Сарапшылық бағалау нәтижесінде қостанайлық компания үздік деп танылды. Атап айтқанда, "Үзді тауар 2020" дәрежесінде алтын медаль иеленіп, "Үздік органикалық өнім 2020" аталымы бойынша үш мәрте 1-орынды жеңіп алды. Бұл – тауар сапасына берілген жоғары бағаның дәлелі. Бұл – Қазақстандағы үздік экологиялық таза сүт өнімдерінің халықаралық мамандарды мойындатуы.