Бюджеттегі өзгерістер

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 2014 жылдың бюджетіне толықтырулар мен түзетулер енгізілді. Бөлінген қаражаттардың қайда және қаншасы жұмсалатындығы жөнінде халық қалаулылары бюджеттік коммиссия отырысында шешкен болатын.
ббббОблыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Кисленкованың айтуынша, өңірде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының екінші бағытын дамыту үшін республика бюджетінен қосымша 587 млн.теңге бөлініп отыр. Аталған қаржының бір бөлігі аудан, қалалардағы  90 нысанды мүмкіндігі шектеулі жандарға бей-імдеуге әрі жұмыспен қамту орталықтарын техникалық жабдықтауға жұмсалатын болса, тағы бір бөлігі денсаулық сақтау мен білім, мәдениет үйлері сияқты көптеген нысандарға бөлінген. Мәселен, Қарабалық ауданындағы және Қостанай ауданының Садчиков ауылындағы білім ошақтары күрделі жөндеуден,  ал Садчиков ауылындағы дәрігерлік амбулатория ағымдағы жөндеуден өтетін болады.
Бұдан бөлек халық қалаулылары 759 млн. теңгеге жуық қаржыны мақсатты жұмсауды жоспарлады. Соның ішінде 80 млн. теңге қостанайлық полицейлерге бұйырса, 15 млн.теңге қосымша дәрі-дәрмектерге, 10 млн.теңге жол жөндеу мен үй құрылысы комбинатының коммуникациясына жұмсалмақ. Сондай-ақ, 142 млн.672 мың теңге Құсмұрын кентіндегі қазандықтың құрылысын аяқтауға бөлініп отыр. Ал, шаңғы базасының құрылысы келер жылға шегерілді. Осылайша, облыстық мәслихаттың сессиясында қаржыны бөлу жұмыстары жан-жақты пысықталып, аудан, қалалар мен облыстық басқармалардың да барлық қажеттіліктері мен шығындары ескерілді.
Бюджеттегі барлық түзетулер мен толықтыруларды облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдаса, шенеуніктер де бөлінген қаражаттың мақсатты түрде игерілетінін жеткізді.
 
Қарлығаш Оспанова

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓