Әулиекөл-Амантоғай тас жолын су басты (БЕЙНЕБАЯН)
Әулиекөл-Амантоғай бағытындағы тас жолдың 36-шы шақырымын қарғын су шайып кетті, деп хабарлайды "КН" газеті. Аудандық әкімшіліктің айтуынша, бұл жыл сайын қайталанатын жағдай. Биыл бұл аймақта қар қалың түсті. Таңертең жол құрғақ болса, түс ауа қар еріп, жолды басып өтеді. Қарқыны қатты ағын суды құбырлар өткізе алмайды. Бірақ, жергілікті билік жол бойын бақылауда ұстап отыр. Мұнда құтқарушылар күні-түні кезекшілік етеді.