Қостанайлықтарға – 26200 билет

Жалпы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 110 елден екі миллион адам қатысады. Қатысушылардың 85%-ы – қазақстандықтар, шетелдіктердің үлес салмағы 15% болады деп күтіледі. экспо
Ал біздің облысқа жалпы саны 26 200 билет бөлінген. Қатысу мүмкіндігіне оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, аз қамтылған азаматтар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен ұйым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер ие бола алмақ.  
Облыс орталығында билеттер сату "Қазпошта" АҚ-ның 12 бөлімшесінде, сондай-ақ «МАRТ» сауда-ойын-сауық орталығында жүзеге асырылады. Сити-орталықта "Бест Кз" компаниясы көрмеге тур сататын бекет ашу жұмыстары қолға алынды. Ол жерде ықылас білдірген жандарға  топтық тур пакеттерін алуға болады. (Тур операторының нақты мекенжайы: Таран көшесі, 70, тел. 54-71-70). Тур пакетінің ақысына жол шығыны, жатын орын, ауқаттану, көрмеге билет және гид қызметі қосылған. Ресми сайт арқылы онлайн режимінде электронды билет алуға да мүмкіндік бар. Билеттер құны – 4000 мен 8000 теңгенің аралығында. Сонымен қатар, сатылымда бағасы 20 мың тұратын премиум-класс билеттері де бар. Артықшылығы – көрменің ашылу және жабылу салтанатының (10 маусым және 10 қыркүйек), оған қоса Астана күнінің (6 шілде) куәгері атануға болады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓