Басқармада – жаңа басшы

Қостанай облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың өкімімен Бибігүл Бүркітқызы АҚҚОЖИНА 2017 жылғы 11 сәуірде «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.АккужинаБибігүл Бүркітқызы Аққожина – 1971 жылы туған, қазақ, білімі жоғары.
1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдады.
Өз еңбек жолын 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жалпы және арнайы психология кафедрасының оқытушысы болып бастады, 2000 жылдан бастап Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жетекшісі, кейін бас маманы, 2002 жылдан бастап Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің бастығы, 2009 жылдан бастап басқарма басшысының орынбасары, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Тұрмыста, қызы мен ұлын тәрбиелеуде. Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓