«Қостанай таңы» газетінің «Домбыра думаны»
Дәл қазір облыстағы баспасөздің қара шаңырағы «Қостанай таңы» газеті кезекті «Домбыра думанын» өткізіп жатыр Бұл игі бастама еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылуда.
Бүгінгі шара Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мұрындық болуымен, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ қолдауымен ұйымдастырылып отырғанын айта кеткеніміз жөн. Әрине, басты қолдаушымыз – оқырмандарымыз.
Осы орайында «Домбыра думанының» өтуіне септігін тигізіп отырған «МАРТ» сауда, ойын-сауық орталығының әкімшілігіне («Metrum» ЖШС басшысы Азат Жалалитдинұлы Сандаловқа) айтар алғысымыз шексіз.
Мешіт Ғазиз
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай