Су қаупін сейілтуге дайын
Су тасқын кезеңіндегі ықтимал төтенше жағдайларға Қостанай облысының қаншалықты даярмыз? Бүгінгі күнде қандай іс-шаралар өткізілуде? Бұл туралы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімов «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасындағы «Бірінші студия» бағдарламасының тікелей әфирінде әңгімеледі.

Жергілікті атқару органдарымен және жол ұйымдарымен су жіберетін жабдықтарды тазарту бойынша жұмыстар өткізілді. Барлығы 2761 құрылыс тазартылды.
Маршруттар әзірленіп, су басуы ықтимал аймақтарға әуеден барлау жұмыстары жүргізілуде. Сол арқылы облыстың солтүстік өңірі аумағында едәуір қардың бар екені айқындалды. Апаттың бетін ары қарату үшін Қамысты, Алтынсарин, Әулиекөл және Таран аудандарындағы өзендердің су басу қаупі бар учаскелерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Қауіппен бетпе-бет келуі мүмкін аймақтарда тұратын, нақтысында 141 елді мекеннің тұрғынымен 159 рейді пен 73 жиылыс өткізілді. 3854 аула және 9029 адам қамтылды, 4969 дана жадынамалар мен нұсқаулық таратылды. Азаматтарға қауіпсіздік ережесі сақтау ескертілді.

Қарғын судың келу кезінде адамдарды құтқаруға жеке құрамнан 2119 адам, 829 бірлік техника жұмылдырылуға дайын.
Су қоймаларының көлемі сәтті сценарийге үміттенуге мүмкіндік береді.
Су қоймаларының көлемі сәтті сценарийге үміттенуге мүмкіндік береді.
Су тасқынының белсенді ертитін шағы сәуірдің ортасында күтіледі. Синоптиктер болжамынша, сәуірдің 15 -і мен 18-і күндері қарғын су қарқынды болады. Бұл кез әдеттегі мерзімнен және өткен жылғыдан кейінірек.
Қазір барлық мүдделі органдары мен қызметтерге тұрақты бақылау мен мониторинг жасап, барлық объектілерде тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыру қажет.