Заңсыз шырша кескендер ұсталды

Қостанай облысында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды. 
Облыс аумағында жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу деректерін анықтауға, сондай-ақ шыршаның жас өскіндерін қорғауға бағытталған "Шырша" операциясы жүріп жатыр. Қостанай облысының полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, жол бойындағы қылқан жапырақты ағаштар көп өсетін жерлерде тәулік бойы рейдтік іс-шараларды жүргізіп келеді.
– Патрульдеу нәтижесінде полицейлер қарағайларды заңсыз кесудің екі фактісін анықтады. Бір дерек Меңдіқара ауданында, екіншісі Қостанай ауданында тіркелді, – деді Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкері, полиция майоры Тимур Нұрсаитов. шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Күдіктілер орман шыршаларын үйлеріне әкеліп орнату үшін кесіп тастаған.
15 желтоқсаннан бастап "Шырша" жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері 10-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз саудасы да бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓