Құтқарушылардың құрығы жетпеді
Рудный қаласында, Фрунзе көшесіндегі 5-үйдің 40-пәтері өртке оранды. Тілсіз жау асүйде тұтанған. Кілемшеге шоқ түсіп, назарсыз қалуы салдарынан ырық бермес өртке ұласқан. 42 жастағы пәтер иесі зардап шекті. Басы, мойны, қолдары мен жамбасын күйік шалған азаматша ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына құтқарушылар тобы келмеген.
Ал Қостанай ауданында құтқарушылар Аққабақ өзенінен 41 жастағы азаматтың денесін іздеу жұмыстарын жүргізді. Марқұмның анасының айтуынша, ұлы 2011 жылы балық аулау кезінде суға батып кеткен. 5 сағат жүргізілген жұмыс нәтиже бермеді. Құтқарушылар аталған аудандағы Қонай-Жаркөл өзенін де сүзгіден өткізді. Осыдан бес жыл бұрын балық аулауға кеткен 54 жастағы ер адамның денесі ізделді. Шараға түрткі болған – із-түссіз жоғалған азаматтың үй-ішінің болжамы. Таңнан кешке дейін жүргізілген жұмыс тағы да нәтижесіз аяқталды.