Арқалық ажарлана түспек

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына келді. Аймақ басшысы алғашқы болып қалада күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Арқалық политехникалық колледжіндегі» құрылыс жұмыстарының барысына қанықты. Еске сала кетсек, облыс әкімі бұл білім ошағының заманауи жөндеуден өтуіне өзі пәрмен берген болатын.DSCF7227
DSC07703
DSC07731Биылғы жылдан бастап Елбасы Жолдауына сәйкес елімізде техникалық білім беру үрдісінде соны жаңалықтар күтіп тұр. Яғни, ел тұрғындарына техникалық білім тегін берілетін болады. Олай болса, бұл деген өміршең істің жүзеге асуына өңірде қолайлы жағдай туғызылып жатыр деген сөз.
Колледж директоры Асқар Оспанов пен құрылыс мердігері «Алюминстрой» ЖШС директоры Абай Мұқанов еңсеріліп жатқан істің жай-жапсарымен таныстырды.DSCF7245
DSCF7251Ескі ғимаратты жаңғырту мақсатына республикалық және облыстық бюджеттен 309,0 млн теңге бөлінген. Оқыту жүйесіне қажетті техникалық қондырғылар алуға қосымша 50,0 млн теңге қарастырылып отыр.  
Құрылыстың жүру барысына қанағаттанатындығын білдірген Архимед Бегежанұлы келесі кезекте қалада былтыр күрделі жөндеуден өткен "Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына" ат басын бұрды. Ғимарат еңсе тіктеп сәулеттене түскен. Театр директорының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қасжанов нысанның қазіргі хал-ахуалын баяндап берді.
Өнердің қара шаңырағын жөндеуге халықты жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 168 млн. теңгеге жаратылды. Биылғы жылы облыс қазынасынан тағы 40 млн. теңге бөлініп, ол қаржыға сахнаға қажетті дыбыс, жарық қондырғылары және жиһаздар сатылып алынбақ.DSCF7235
DSCF7229
20170411_092534Торғай агротехникалық колледжі – жас мамандардың ұстаханасы. Колледж директоры Айгүл Әубәкірова білім ордасының тынысы жайлы мәлімет берді.
Мұнан бұрын да мәлім еткеніміздей келешекте бұл білім ордасы жаңа заман талабына сай жабдықталып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан Арқалық политехникалық колледжімен біріктірілмек. Ал, босаған нысан осы уақытқа дейін оқыту орнын жалға алып келген Арқалық медицина колледжіне берілмекші.DSC07756Мамандар колледж ғимаратының қолданысқа былайша жарамды болғанымен төбесінен тамшы ағатынын да жасырмады. Төбе жабындысын жаңғырту 40 млн. теңгедей қаражатты қажет етеді.
 Іссапар түйінінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала активін жинап, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
– Баршаңызға белгілі біз алдағы күзде Ұлт азаттық көтерілісі көсемдерінің бірі Кейкі батырдың бас сүйегін туған топырағына тапсырмақшымыз. Осыған орай республика деңгейінде көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Бүгінгі сапарымыздың мәнісі де осы. Арқалыққа келіп халықпен, ел азаматтарымен, ақсақалдарымен ақылдасып жауапты істің тиянақты атқарылуына қадам жасау.
Алыс-жақыннан, шетелдерден қонақтар келеді. Ғылыми конференция, театрландырылған қойылымдар, өзге де мәдени-спорттық шаралар Арқалық қаласында өтеді.
Қала еңсесін көтеру үшін облыс бюджетінен 2 млрд. теңге бөліп отырмыз. Қаржы бөлуді алдағы уақытта да қарастыра беретін боламыз. Сондықтан бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуы қажет, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов активте сөйлеген сөзінде. DSC07760Қала әкімі Амантай Балғарин өз кезегінде аталған шараға орай атқарылғалы жатқан жұмыстардың барысын тарқатты.
-Биыл Алаш қозғалысына 100 жыл толады. Айтулы даталарға орай қаланы абаттандыру үшін облыс қазынасынан бөлінген 900 млн. теңге мақсатты іске жаратылуда. Атап айтқанда: 1. Бос тұрған ақаулы үйлерді (18 обьект) сүру – 189.697,0 теңге; 2. Қаланың бұрынғы №6,7,9 мөлтек аудандарындағы 27 белгіленбеген құрылыс қалдықтары қоқыстарын, Айдар елді мекенінен Западный поселкесіне дейінгі аймақтағы 13 белгіленбеген құрылыс қалдықтары қоқыстарын (жалпы алаңы – 7600м2) шығару – 167000,0 теңге; 3. Байтұрсынов көшесіндегі "Кооператор" айналма жолынан (қашықтығы 5,1км.) "Аэропорт" айналма жолына дейін (жалпы алаңы – 66220м2)орташа деңгейлік жөндеуден өткізу – 184943,0 теңге; 4. Абай даңғылынан (қашықтығы 5,1км.) "КНС – 1" Оңтүстік айналымға (жалпы алаңы – 69170м2) дейін орташа жөндеуден өткізу – 196469,0 теңге; 5. Әуелбеков көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі автожолды "Арқалық" қиылысына дейін (қашықтығы – 0,91км.) орташа жөндеуден өткізу (жалпы алаңы – 19800м2) – 38293,0 теңге; 6. Жанкелдин көшесінен бастап, Космонавт көшесі арқылы Демченко көшесіне дейін (қашықтығы – 550 км.) жолды (1 обьект) ағымдағы жөндеуден өткізу – 6295,0 теңге.
Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, іске кірісу үшін жер аяғының кеңуін күтуде. Жоспарлы жұмыстар жасалған келісім – шартқа сай алдағы тамыз айына дейін аяқталатын болады, – деп есебін берді Амантай Кәкімбекұлы.
Жиын барысында жарыссөзге шыққан Арқалық қаласының құрметті азаматы, Құрметті қажы атағының иегері Мираш Тәшетұлы, жеке кәсіпкер Сәбит Шаңғытбаевтар қала игілігі үшін атқарылар істерге қай уақытта да қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓