27 мас жүргізуші ұсталды

Қостанай облысында өткен демалыс күндері 27 мас жүргізуші ұсталған. Облыстық ІІД-нің өкілі Айгүл Бекмағамбетованың айтуынша, заңның қатаң талаптарынан соң көлікті мас күйінде тізгіндеушілер саны азайған, алайда осы сенбі-жексенбі күндері тәртіпке бағынбайтындар қатары арта түседімас шофер-Демалыс күндері полицейлер кешкілік рейдтерге шығады. Олар шатханалар мен түнгі клубтарды бақылайды. Барлық заң бұзушылық осы жерлерден басталады емес пе?! Мас күйінде рөлге отырып, заң бұзады, сонымен қоса, біреуге зиянын тигізеді,-дейді А.Бекмағамбетова.
Өткен демалыс күндері облыс бойынша көлікке мас күйінде отырған 27 жүргізуші ұсталған. Оның екеуі бұған дейін осындай жағдаймен сот жүзінде жүргізу куәлігінен айырылыпты.
Рейдтік жұмыстар өз жалғасын табады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓