Бүлікшілерге қарсы бірігу керек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Мир» телеарнасына берген сұхбатында жер жүзін дүрліктіріп отырған  терроризмге қатысты пікір білдірді. Елбасы бүлікшілер билік жоқ жерде пайда болады дейді.20170410190208-Террористер, экстремистер, бандиттер билік жоқ жерде үстемдік етеді. Оларға осындай жерде өмір сүрген ыңғайлы. Ирактан, Сириядан бір жапырақ жерді басып алды да өздерінің «Ислам мемлекеті» етіп жариялады. Терроризм әлемді шарлап кетті. 65 миллион босқын, олардың 14 миллионы балалар. Соңғы 3 жылда миллионнан астам адам құрбан болды. Тек Сирияның өз ішінде ғана 5 миллион адам. Бүгінде олар баспанасыз, жылусыз, емделуге мүмкіндіксіз өмір сүріп жатыр. Жаныңдағы адам аштықтан қырылып жатқанда қалайша алаңсыз өмір сүруге болады, – деді Назарбаев.
Осы ретте Елбасы терроризммен күресте ел болып бірігуге шақырды.
-Онсыз жеңе алмаймыз. Барлығы да осыған келе жатқан сияқты. Біз зұлымдықпен күресушілер жағында жүріп қарсылық көрсетудеміз, – деді Мемлекет басшысы.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана Санкт-Петербургте болған теракт, ҰҚШҰ мен НАТО-ның ұқсастығы туралы және Астананың сирияаралық келіссөздер алаңы ретіндегі мәселелер туралы айтты.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓