Қауіп қайдан демеңіз
Көктем мезгілі келген сайын алаңдайтын болдық. Күні кеше Дружба елді мекенінің тұрғындары қызыл суға шағым айтқан еді. Бүгін көлкіген су Қостанай қаласындағы Карбышев көшесінің бір бөлігін алып, әрлі-берлі жүрген жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтіріп, келеңсіздіктер тудыруда.
№6 стационарлық бекеттің маңы жағалай су. Әуежайға апарар жол үстін де қарғын су жайлаған. Қазіргі уақытта екі техникалық көмек жұмылдырылып, “АБЗ плюс” ЖШС қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Ал, мұндай келеңсіз көрініске көздері үйреніп қалған тұрғындар “жылда көретініміз осы…” деп қолдарын бір-ақ сілтеп, жөндерімен кетуде.