Қауіп беті қайтты  

            Қардың күрт еріп, қызыл су деңгейінің көтерілуінен Қарасу және Әулиекөл аудандарындағы бірнеше елді мекен зардап шекті. Дегенмен, дер шағында тұрғындар мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшіріліп, қазір суды тысқа ағызу жұмыстары белсенді жүргізілуде.
            16 сәуір күні Қарасу ауданының Зеленов, Қарамырза, Октябрьский, Железнодорожный  ауылдарын су басқан еді. Жалпы алғанда,19 үй мен 24 аула зардап шекті. ТЖБ қызметкерлері шұғыл құтқару жұмыстарына кірісіп, тұрғындар мен үй жануарларын қауіпсіз жерге көшірді. Тасқын Жамбыл ауылын да айналып өтпеді. 10 үй, 10 ауланы су шайды. Үй ішіндегі су деңгейі 10-15 см-ге жеткен. Бұл мекеннен 37 тұрғын апаттан оқшауланды, оның 12-сі – балалар. Бүгіндері қарғын судың елді мекендерге тигізуі мүмкін қаупін сейілту үшін ені 300 мерт болатын үйілмелі бөгет салынған.карасу
           "Қазіргі таңда қатерлі аумақтарда 80 құтқарушы мен 42 бірлік техника жұмыс істеуде. Бұған қоса, Қарасу ауылы тарапынан және Алтынсарин ауданының Үлкен Чураков ауылы жағынан 1 техника мен 2 адамнан кезекшілік ұйымдастырылды", – деп толықтырды аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Данияр Айболатұлы.
            Дәл сол күні Әулиекөл ауданында да Көктал ауылы қызыл су ортасында қалды. Ұзын саны 15 үй мен 15 аула оқыс келеңсіздікке тап болды. 42 адам құтқарылды. Олар әзірге туыс-туғандарының үйін паналауда. Сондай-ақ, 55 бас ІҚМ мен 81 бас ұсақ мал қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында 25 адам, 8 бірлік техника тынымсыз жұмыс істеуде.r5GG10XCBFk
            Мұнымен қоса, төтенше жағдай зардабын азайту үшін және құтқарушы күшті нығайту мақсатында Тобыл өңіріне Жамбыл облысы ТЖД-нің жедел-құтқару қызметкерлері мен құрал-жабдықтары жеткізілді.
            Мұның сыртында, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммед облыстық филиалдардың басшыларына тасқын судан зардап шеккедерге барынша көмек көрсетуді, жедел жүйелі жұмыстар ұйымдастыруды тапсырды.
           Айта кетер жайт, ТЖД әлеуметтік желілер және елдің әртүрлі ақпараттық қызмет сайттары арқылы тараған тағы бір қайғылы жағдай туралы байлам айтты. Желілерде "Нива" көлігінің су астына кетіп, рөлдегі ер адамның қаза тапқаны туралы мәлімет жарияланды. Дей тұрғанмен, автокөлік жүргізушінің тізгінге ие бола алмай қалуы кесірінен жолдан шығып кеткен. Басты себеп – оның спирттік ішімдік ішіп алғаны, мас болған. krqMd7DeGGUТағы бір маңызды тұсы, қайғылы оқиға 10 сәуірде, яғни тасқын су белсенді басталмай тұрған кезде болған. Мұның сыртында, Қарасу ауданының Восток ауылы маңында 58 жастағы ер кісі аспалы көпірден секіріп кетеді. Куәгерлер сөзінше, ол да мас болған. Осы себептен, ТЖД мамандары бұл оқыс оқиғалар мен тасқын судың арасында байланыстар жоқ екенін мәлімдеді.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓