Дружба ауылын су басты

Өткен сенбіде Қостанай қаласымен іргелес жатқан Дружба ауылын қарғын су басты. Абырой болғанда, "Қостанау Су" қызметкерлері дер шағында келіп, ағын судың бастауын бұғаттады. Қызыл су басқан ауылға 10 техника келіп жеткен. Мұндағы Садовой, Стпеная, Пионерская көшелерінің тұрғындары зардап шегіп отыр. Қар суы олардың ауласына дейін кірген. Құтқарушылар дамылсыз жұмыс істеп, суды сыртқа шығарып үлгерді._MG_0223Ауыл тұрғындары құр қарап отқан жоқ. Олар да құтқарушылармен бірге амал қылып, бір-біріне жәрдесіп жатқан жайы бар. -Бұған дейін төтенше жағдай қызметкерлері мұнда кезекшілік құрды. Техника да жетерлік. Жұмадан бері тынбай жұмыс істеп жатыр. Барлығына алғыс білдіремін. Ауылда асфальтпен жабылған көшелер бар, су басты демесеңіз, оларда жағдай тәуір. Ал, біздің көше тас жол болмағандықтан, мидай езіліп, берекені қашырды. Не көлік келе алмайды, не адам да өте алмайды,-дейді село тұрғыны Нина Король.Билік басындағылардың айтуынша, қазір Дружба ауылына төніп тұрған қауіп жоқ. _MG_0216
_MG_0226Қызыл судың арнасы кері бұрылды. Ауылды әбігерге салған қырдың суы емес, аула ішіндегі еріген қар. Құбырлар қайта тазартылды, енді барлық су сонда кететін болады. Бастысы, ешкім зардап шекпеді.a04663666d5065d8c93828a5ddeb37cf.i700x466x512Әзірше бұдан басқа суық хабар келіп түспеді. "ҚТ" редакциясы облыстағы топан суға қатысты барлық жағдайды назарда ұстайды.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓