Электр жарығы сөндіріледі
10-14 сәуір аралығында облыс орталығында құрылғыларды жөндеу және ағаштарды кесу жұмыстарына байланысты электр жарығы сөндіріледі. Бұл туралы Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жарық жеке секторлар мен қаладағы шеткері шағын аудандарда сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін болмайды.
Атап айтқанда, 10-14 сәуірде Баймағамбетов көшесіндегі 90-320, Байтұрсынов, 221-260, Дулатов, 186-243/23, Уәлиханов, 9-34 жеке секторларында;
10 сәуірде Карбышев көшесі,14,16, 47 өндіріс секторында;
11 сәуірде Баймағамбетов көшесі бойындағы 2/1-28, 8 жеке секторларында, "София" аквапаркінде;
12 сәуірде Авиационный көшесіндегі 1а-25 үйлерде;
13 сәуірде Хакімжанова көшесіндегі 60-шы, Алтынсарин көшесіндегі 28,30-шы үйлерде, №2 емханада және "Лагуна" аквапаркінде электр жарығы сөндіріледі.