Бірлік пен ынтымақ аясында…

Облыс орталығындағы Е. Өміразқов атындағы филармонияда аймақ басшысы Н. Садуақасовтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІІ кезекті сессиясы болып өтті. Сессияға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З. Саяпова, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеяның мүшелері, этномәдени бірлестіктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында облыстық Ассамблеяның құрамындағы өзгерістер, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында тапсырған тапсырмалардың жүзеге асырылуы туралы әңгіме болды.
Сессияда облыс әкімінің орынбасары М. Дәрібаев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Н. Суслова, Д. Гусак, Н. Шпагина, Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С. Тасмағанбетов және тағы басқалар шығып сөйледі. Олар өз сөздерінде еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері әлем қауымдастығының алдында Қазақстан толеранттылықтың ерекше моделін қалыптастырғанын, қоғамымызда бейбітшілік пен жалпыұлттық келісімді сақтап отырған оң тәжірибе көптеген мемлекеттер үшін мысал екенін атап өтті. Бүгінде тағдыры мен мақсаты бір облыс жұртшылығының алдында жалпы азаматтықтың бірдейлігін қалыптастыру міндеті тұр. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамашылығымен жергілікті жерлерде құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі артып отыр екен.
Облыс аясында Ассамблеяның 20 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісімнің Жол картасы» атты мега-жобаның бірінші кезеңі аяқталды, жоба бойынша Ассамблеяның әлеуметтік жұмыстарының бағыты қала мен ауданға назарын аударсе, келесі кезеңде «Бір ел, бір халық» негізгі мақсатты жүзеге асыру.
Әрбір шығып сөйлеген шешендерге облыс әкімі өзінің сұрағын да қойып отырды.
Сонымен бірге облыс әкімі Н. Садуақасов өз сөзінде, бүгінгі таңда толеранттылықты, этносаралық қарым-қатынасты нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттігін атап өтті.
– Бұл өмірде қатып қалған ештеңе жоқ, алайда діни экстремизм проблемасы бар екенін айтқанымыз жөн. Сондықтан біздің атқаратын жұмыстарымыз, істеріміз нақты, оң болуы тиіс. Біз елімізде яғни Қазақстан Республиксында қабылданған заңдар аясында өмір сүріп, сол бойынша алға жылжуымыз қажет. Және де алыс та жақын мемлекеттермен өзара ынтымақтастықта болатынымыз айқын,-деді облыс әкімі.IMG_2369
Жиын аясында шығып сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мәселен, жаңа оқу жылында яғни 1 қыркүйекте мектептерге барып, достық пен толеранттылықты алғашқы сабақтың тақырыбы ретінде алуды, Ұлы Ұстаз Ы. Алтынсаринның туғанына 165 жыл толуына байланысты педагогтың өміріне байланысты елдімекендерді туристік маршрут бойынша аралап өтуді сол секілді өңірімізде өз шығармаларында, өлең-жырларында достықты, ынтымақты, бірлікті жырлап, сүйіспеншілікке, толеранттылыққа үндейтін балалар ақын-жазушыларымыздың байқауын өткізсе деген пікірлерін айтты. Сарыбай-Соколов кен байыту өндірістік бірлестігінің өкілі Д. Гусак бір кездегідей әр саланың үздік жұмысшыларын, кызметкерлерін төсбелгімен марапаттап, олардың мәртебесін көтерсек деген ой-пікір айтса, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Үкин облысымыздағы еңбек қайраткерлері туралы кітап шығару қажеттігін жеткізді.Копия (2) IMG_2341
Сессияда облысымызда тұрып жатқан этнос өкілдерінің мәдениетін, тұрмысын таныстырып, көрсететін этноауыл салу үшін, оның құрылысы мен жобалық-сметалық құжаттары үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсе деген ұсыныс та айтылды.IMG_2344
Жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З. Саяпова жиналғандарға, облыс басшысына ұлтаралық, этносаралық ынтымақтастықты, келісімді нығайту жолдарында атқарған жұмыстары үшін өзінің ризашылығын білдірді.IMG_2360 Осындай елеулі еңбегі үшін облыс басшысына арнайы сыйлық та тапсырды. Ал, сессия соңында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің кадрлар бөлімінің бастығы Д. Гусак Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және облысымыздың бір топ азаматтары қоғамдық келісім және қазақстандық патриотизмді,IMG_2423 Қазақстан халқының бірлігі пен ынтымағын нығайтуға қосқан үлестері үшін мерекелік «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалімен,IMG_2427
IMG_2424 Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен сол секілді облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓