49 мобильді топ құрылды
Олар қостанайлықтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуді түсіндіруді мақсат етеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың Қостанай облысына іс-сапары барысында аймақтың медицина қауымдастығы өкілдерімен кездесуінде мәлім болды. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Қостанай облысына іссапары барысында аймақтың медицина қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге қатысты және Елбасы Жолдауындағы денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша көрсетілген негізгі бағыттарды жүзеге асыру туралы жиналыс өткізді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, облыс орталығына сапары барысында ведомство басшысының орынбасары қалалық емхана және облыстық аурухана, сондай-ақ перинаталдық орталықтары жұмыстарымен танысты. Бұдан соң ол өңірдің медицина саласындағы қызметкерлерімен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі принциптерін түсіндірді. Жиналыс барысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде 3-кезеңді жүзеге асыру мақсатында арнайы оқытылған медициналық қызметкерлерден ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 49 мобильді топ құрылғандығын хабарлады. Сондай-ақ, ол мобильді топтармен бірге 2016 жылдың қыркүйегінен бастап 400 мекемелер және кәсіпорындарда 960-тан аса кездесулер өткізілгендігін айтты. «Сонымен қатар облыс аумағында МӘМС жүйесі бойынша тұрғындардың мәртебесін анықтау үшін қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақты мәліметтер бойынша, облыста 500 000-ға жуық азамат эканомикалық белсенді тұрғын ретінде есептеледі, 173 000 тұрғын өзін өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде 28 600 мың азамат өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар, 25 800 мың жұмыссыздар, тұрғындардың белсенді емес тобының саны 187 000-нан асады», – деді ол.
Вице-министр Алексей Цой 2020 жылға дейін, яғни жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенге дейін ТМККК шеңберінде сақтандырылмаған азаматтарға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілетін амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілендігін еске салды. Ол еліміздің тұрғындары үшін сапалы медицина қолжетімді болатынын атап айтты. «ТМККК шеңберіндегі бірінші пакетке профилактикалық егулер, жедел жәрдем, санитарлық авиация, шұғыл медициналық көмек, әлеуметтік мәні бар ауруларға стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларға көрсетілетін медициналық қызмет түрлері кіреді. Ол ҚР барлық азаматтары үшін қолжетімді болмақ», — деп түсіндірді ол.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Ерік Байжүнісов өз сөзінде төленген жарнаның мөлшерінен тыс әрбір сақтандырылған азаматтың барлығына бірдей, бір стандарттағы, бір сападағы қызмет түрі көрсетіліндігі аталған жүйенің әлеуметтілігін көрсететіндігін айтты.
"Медициналық сақтандыру жүйесіне қатыспаған азамат жоспарлы қызмет көрсетуден шеттетіледі. Мысалы, ол тегін шұғыл медициналық көмек ала алады, егер ол жоспарлы түрде жүзеге асса, онда азамат сақтандырылуы тиіс немесе өзі төлем жүргізуі керек. МӘМС жүйесінің соңғы мақсаты – бәсекелестікті күшейту. Медициналық сақтандыру медициналық көмектің сапасының артуына, кезек күту мәселесін шешуге, азаматтардың шағымын азайтуға оң әсерін тигізуі қажет", – деді .
Е. Байжүнісов Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, МӘМС-ті енгізуге қатысты төмендегі жарна мен төлем мөлшерлемесі қарастырылды:
– жұмыс берушілердің жарналары: 2017 жылдың шілдесінен бастап мөлшерлеме 1 %;
2018 жылы – 1,5%, 2020 жылы – 2%, 2022 жылы – 3%;
– жалданбалы жұмысшы жарнасы: 1% – с 2019 жылы, 2% – с 2020 жылы;
– жеке кәсіпкерлер, нотариустар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар – кірістен, 2017 жылғы шілдеден бастап 2 ЕТЖ-дан 5% кем емес;
– жұмыс күші тобына кірмейтін (өзін өзі өнімсіз еңбекпен қамтығандар) азаматтар жарнасы – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ЕТЖ-дан 5%;
– халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін мемлекет төлейтін жарна 2018 жылдың қаңтарынан – 3,75%, 2019 жылдан бастап – 4%, 2022 жылдан бастап – 4-5 % болады.