Дружба ауылын су басты

Өткен сенбіде Қостанай қаласымен іргелес жатқан Дружба ауылын қарғын су басты. Абырой болғанда, "Қостанау Су" қызметкерлері дер шағында келіп, ағын судың бастауын бұғаттады. _MG_0223Қызыл су басқан ауылға 10 техника келіп жеткен. Мұндағы Садовой, Стпеная, Пионерская көшелерінің тұрғындары зардап шегіп отыр. Қар суы олардың ауласына дейін кірген. Құтқарушылар дамылсыз жұмыс істеп, суды сыртқа шығарып үлгерді.
Ауыл тұрғындары құр қарап отқан жоқ. Олар да құтқарушылармен бірге амал қылып, бір-біріне жәрдесіп жатқан жайы бар. _MG_0216-Бұған дейін төтенше жағдай қызметкерлері мұнда кезекшілік құрды. Техника да жетерлік. Жұмадан бері тынбай жұмыс істеп жатыр. Барлығына алғыс білдіремін. Ауылда асфальтпен жабылған көшелер бар, су басты демесеңіз, оларда жағдай тәуір. Ал, біздің көше тас жол болмағандықтан, мидай езіліп, берекені қашырды. Не көлік келе алмайды, не адам да өте алмайды,-дейді село тұрғыны Нина Король._MG_0226Билік басындағылардың айтуынша, қазір Дружба ауылына төніп тұрған қауіп жоқ. Қызыл судың арнасы кері бұрылды. Ауылды әбігерге салған қырдың суы емес, аула ішіндегі еріген қар. Құбырлар қайта тазартылды, енді барлық су сонда кететін болады. Бастысы, ешкім зардап шекпеді.a04663666d5065d8c93828a5ddeb37cf.i700x466x512Әзірше бұдан басқа суық хабар келіп түспеді. "ҚТ" редакциясы облыстағы топан суға қатысты барлық жағдайды назарда ұстайды.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓