“Мемлекеттік қызмет кеңес береді”
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті облысымыздағы халыққа қызмет көрсету орталықтары базасында құрылған «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет кеңес береді» атты акциясын Қарабалық ауданындағы әлеметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығында өткізді. Акция барысында қызметкерлер мен мамандар азаматтар қабылдау барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша заңнамаларға жан-жақты түсінік берді. Акция барысында бес адам кейбір көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге байланысты өздерінің өтініш-сұрақтарын қойды. Департамент мамандары осы іс-шарада мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында заңнамалар талабына сай жұмыс атқару қажеттігін, бюрократтық сөзбұйда мен төрешілдікке салынбау, заңнамада қарастырылмаған құжаттарды талап ету, сыбайластық тәуекелділікке жол бермеу секілді алдын алу әңгімелерін жүргізді. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта осындай іс-шара Сарыкөл ауданында өтеді.Департамент «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» туралы заңнамада көрсетілгеніндей жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, кеңестік және әдістемелік жағынан қолдау көрсетеді. Осы сұрақтарға байланысты туындаған мәселелер бойынша сенім телефонына-(39-61-65) хабарласуға мүмкіндік бар.
Сол секілді мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталған осы тұрғыдағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.