Зиянкестер заңмен қудаланды

Қостанай облысында 5-31 қазан аралығында "Браконьер" операциясы жүргізілді. Іс-шара барысында аймақта полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау ұйымдарынан 59 мобильдік топ құрылды. Қызметкерлер аңшылық жерлерінде, су айдындарында және орман алқаптарында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу және анықтау бойынша 1590-нан астам рейдтік іс-шара өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.73472533_2356058138043058_6282388228821483520_n
Полиция қызметкерлері заңсыз аң аулау және ағаш кесу деректеріне қатысты 4 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. 
Қостанай ауданының Лиманный ауылының маңында полиция қызметкерлері "ВАЗ 2121" автокөлігін тоқтатқан. Автомобиль жүк салғышын тексеру кезінде екі Сібір елігі және тіркеуге алынған үш мылтық табылды. Белгілі болғандай, жолаушылардың біреуі екі елік атып алған.
Заңсыз аң аулаудың басқа фактісі Қамысты ауданында тіркелген. Талдыкөл ауылынан 10 шақырым жерде Рудный қаласының екі тұрғыны ұсталды. Аң аулайтын шаруашылықта жүрген аңшылар 7 қаз атқан, олардың бірі – Қызыл кітапқа енгізілген "Шиқылдақ қаз" тұқымы. Меңдіқара және Қостанай аудандарында қайың және терек ағаштарын кесудің заңсыз фактілері тіркелген. Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, полицейлер 121 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 72 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 23 балықшы, сондай-ақ 26 аңшы қаруды сақтау, алып жүру және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл арқалады.
Айта кетерлік жайт, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 700 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓