Жаза басты, жазасы күшейді
Қостанай гарнизонының әскери сотында 2016 жылғы 17 наурызда ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен (лауазымды тұлғамен, қызмет бабын пайдаланып алаяқтық, яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу) көзделген қылмысты жасаған үшін айыпталған Қостанай қаласы жөніндегі қорғаныс істер Басқармасының бұрынғы әскери қызметкері капитан Д.В. Коровинға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.
Соттың үкімімен айыпталған ол қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 55 бабына сай, мүлкі тәркілене отырып, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, оған 9 554 500 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді
Кезінде Коровинға, айыппұл төленбеген жағдай болғанда, осы жаза шарасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертіледі деген хабарлама жасалған. Алайда белгіленген айыппұлды төлеуде салғырттық танытты. Ол қарызының тек қана 250 000 теңгесін өтей алған, ал оның қалдығы 9 254 500 теңге болып шықты.
Бұл жағдайды назарға алып, Қостанай облысы әділет Департаментінің сот орындаушысының Қостанай гарнизонының әскери сотына Коровинға тағайындалған қылмыстық айыппұл жазасы қатаңданып, бас бостандығынан айырылсын деген ұйғарым келіп түсті.
Әскери соттың 1 тамыздағы қаулысымен аталмыш ұйғарым қанағаттандырылып, Коровинға бұрын тағайындалған жаза 2 жыл 11 ай 18 күн мезіміне бас еркіндігінен айыру үкіміне өзгертілді. Сотталушы сот залында камауға алынды. Жалпы режимдегі колониясында жазасын өтейді.