«Менің атамның портреті» акциясы басталды

Қостанайда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Менің атамның портреті» акциясы басталды. Бұл туралы облыстық филиалдың саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсеков журналистерге арналған брифингте мәлімдеді._MG_0145Акция Нұр Отан» партиясының қолдауымен ең алғаш рет 2013 жылы басталған болатын. Биыл бесінші рет өткізілгелі отыр. Негізгі талап  ардагерлердің аты-жөндері мен туған жылдарын жазып, суретімен қоса Гоголь көшесі 111 мекенжайында орналасқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалына тапсыру керек._MG_0144-Жиналған фотосуреттердің сапалы болғаны жақсы. Өйткені, суреттерді типографияға тапсырып, арнайы портреттерді дайындаймыз. 9 мамыр күні акцияға қатысушылардың бәрі басқосып, Жеңіс күніне арналған шеруге қатысамыз. Акция туралы барлық әлеуметтік желілерде ақпараттар жарияланды,-деді «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсеков._MG_0154
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓