Табылды. Өлі
"Боровской-Қасқат" автожолы аумағында денесі табылған ер адамның тұлғасы анықталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Наурыз айының орта шенінде 29 жастағы ер адам із-түссіз жоғалғандар тізіміне енген еді. Ішкі істер органдары оған іздеу салған болатын. Табылған дене сол Боровской ауылының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 99-бабы бойынша ("Кісі өлімі") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің анық-қанығы тергелуде. Тәртіп сақшылары қылмысты ашуға және күдіктіні ұстауға бағытталған жедел тергеу шараларын қолға алды.