Зейнеткер өлі табылды
Рудный қаласында зейнеткердің өз пәтерінен өлі денесі табылды. Бұл ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды alau.kz.
"Денесіне ауыр жарақаттардың белгілері бар 1941 жылғы ер кісінің мүрдесі 2017 жылдың 3 сәуірінде Рудный қаласының Комсомольский даңғылы бойындағы көпқабатты үй пәтерінен табылды. Қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптама белгіленді", – деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша тәртіп сақшылары ҚК 106-бабының 3-тармағы ("Жәбірленушіні өлімге душар еткен денсаулығына ауыр залал келтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Рудный қаласында омарташылықпен айналысқан зейнеткер өлі табылған еді. Облыстық прокуратура мәлімдегендей, қылмыс ашылған жоқ.