Омбыдан “өліп” оралды
Ресейдің Омбы облысына жұмыс істеуге кетіп, Қазақстанға тоғыз жылдан соң қайта оралған 62 жастағы қостанайлық өзінің әйелі жазған арыз бойынша 2007 жылдан бері өлілер тізімінде болғанын анықтады.Арада біраз жыл өтке соң әйелі мен қызы отағасымен сот залында кездесіп, оның тірі екеніне көз жеткізді. Өзінің айтуы бойынша, ол Омбыға жұмыс істеуге барған. Алайда, жоспары жүзеге аспай, ішкілікке салынып кеткен. Жақындарына мән-жайды айтпай, хабарсыз жоғалғанының себебі де сол.
Құжаттарын қайта қалыпқа келтіріп, Ресей еліне көшкісі келеді. Әйткенмен ол әлі күнге базада қаза тапты деп жазылулы. Сот оның өлгені туралы шешімді жою туралы өтінішін қабылдады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.