Жарылыс жұмыстары жалғасуда

Су тасқынына қарсы кезеңдегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қостанай облысында барлық өзендер мен жасанды су қоймаларында жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы су тасқынына қарсы іс-шаралар мұздың кептелуін болдырмау мақсатында, сең жүру басталғанға дейін мұзды қопсыту үшін өткізіледі.взрыв
Бірінші жарылыстар 30 наурызда Қамысты ауданының Пушкино селосы аймағындағы Тобыл өзенінде жүргізілді.
Ізінше 1-3 сәуір аралығында:
– Алтынсарин ауданының Шоқай с. аймағындағы Қарағалин өзенінде;
– Әулиекөл ауданының Көктал с. төңірегіндегі Теректі өзенінде;
– Науырзым ауданының Буревестник ауылы маңындағы «Кирпичка» жасанды су қоймасында (бөгетте) осы жұмыстар жалғасын тапты.
Мұзды қопсыту су қоймаларындағы судың апатсыз өтуін және көрсетілген елді мекендердің аумағын көктемгі тасқын су басу қаупін сейілтуге септік тигізеді.
Жарылыс жұмыстарының жалпы көлемі мұздың 15 мың 600 текше метрден астамын құрайды. Жарылыс жұмыстары жүргізілген аудандағы мұздың қалыңдығы – 90 сантиметрден 1 метрге дейін.
Жарылыс жұмыстары «БВР Строй» ЖШС мамандарының бригадасы және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  құтқарушылары мен басқа мемлекеттік органдары өкілдерінің  қатысуымен жүргізілді.
Таяуда жарылыстарды Науырзым, Жанкелдин және Таран аудандарының су қоймаларында өткізу жоспарланды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓