Соңғы селфиін жасай жаздады

Күні кеше ғана Лисаков қаласына жақын Қызылжар тоғаны маңында оқыс оқиға болды. Бойжеткен селфи жасамақ болғанда, ол үстінде тұрған мұз опырылып кеткен. тонкий ледБұл учаскедегі мұз қалыңдығы 4 см ғана. Мамандар солай дейді. Қазіргі уақытта тоған әлі сумен шайылып жатыр. Өйткені 30 қаңтардан бастап тоғанда шаю жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мамандандырылған күзет қызметі өкілдерінің берген анықтамасына қарағанда, бойжеткен 25 жастағы Лисаков қаласының тұрғыны. Мұз үстінде өміріндегі соңғы селфи жасай жаздады. Ол жерде үнемі балықшылар жүреді екен. Олар қызды уақытында құтқарып қала алды, дереу жедел жәрдем мен ТЖМ қызметкерлерін шақыртқан. Оқыс жайт сағат 12.52-де болған. Дәрігерлер жапа шегушіні аурухананың қабылдау бөліміне жеткізді. Белгілі себептерге байланысты бойжеткен тілшілерге бетін көрсетпеуді өтініпті. 
"Өзенге келдім. Суретке түсуді шештім. Мұз үстінде балықшылар отырғасын қауіпсіз болар деп ойладым. Шеттен сәл әрірек барып едім, мұз жарылмады. Камераны бапқа келтіріп жатқанымда табан астымнан жарылып жатқан дыбыстарды естідім. Дереу қашуға әрекеттеніп едім, үлгере алмай қалдым. Мұз ойылып, су астына кеттім. Бірден тысқа ұмтылып, өзім шықтым. Тоңып жатқанымда балықшылар мені жағаға алып шықты, полицейлердің келіп жеткенін көрдім. Бала күнімде де қыстың күні ойыққа түсіп, жүруге шамамның келмей қалғаны бар-тын… Телефоным суға кетті – өкінішті, енді ғана несиесін төлей бастаған едім. Бірақ, ең бастысы тірі қалдым", – деді бойжеткен.
Былтыр жазда дәл осы учаскеде басқа қыз көпірден өзенге секіріп кеткен еді. Бірақ ол оқиға суицидке әрекеттену ретінде сипатталған. Өмірмен есеп айырысқысы келген лисаковтықты арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері құтқарып қалған болатын. Бұл жолғысы оқыс жағдай ретінде бағаланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓