Жігіттер ерлеп тұр
"Қостанай оңтүстік электр жүйесі" мекемесінде барлық қызмет көрсететін аумақтарын қосқанда (Арқалық, Аманкелді, Торғай) 400-ге жақын адам жұмыс жасайды. Жұмыспен қамту жүйелерімен жастарды тәжірибеден өткізуге, мүмкіндігінше жұмысқа қалдыруға келісім жасалған. Іргелі ұжымда 2006 жылдан бастап осындай жолмен 60-қа тарта адам тұрақты жұмысқа орналасыпты.
– Жастар бізде тәжірибеден жиі өтеді. Тізім бойынша аламыз. Жұмыс тәжірибесіне қарай жетекші мамандардың берген мінездемесіне сай өзін жақсы қырынан көрсете алғандарын тұрақты жұмысқа қалдырамыз. Сырттан мамандар іздемей, өзіміздің адамдарды алғанды тәуір көреміз.
Хамида Жоланқызы, инженер:
– Жас мамандарға алғашқы көмектің қалай көрсетілетінін үйретіп жатырмыз. Ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздіктер мамандардың қатысуымен өткізілуде. Жастар бізде 6 ай тәжірибеден өтеді. Өздерін жақсы жағынан танытса мекемеде тұрақты жұмысқа қалуға мүмкіндік беріледі.