Аптаның алты күні ашық

Қостанай облысының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері алты күндік жұмыс кестесіне көшеді. Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істемек. Сенбі күндері ХҚКО орналасқан жеріне байланысты әртүрлі кесте бойынша қызмет көрсетеді.
«Азаматтарға арналған үкіме» МК» КЕАҚ Қостанай облысы  филиалы хабарлағандай, жаңа жұмыс кестесі осы аптадан бастап іске қосылды. Ал, бұл – 8 мамыр, сенбіде Халыққа қызмет көрсету бөлімдері қызмет алушыларды қабылдайды деген сөз.
«Қостанай облысы тұрғындарының назарын ХҚКО-лардың сенбілік жұмыс кестесіне аударғым келеді. Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара, Арқалық қалаларының ХҚКО сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Аудан орталықтарында орналасқан ХҚКО сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді», – деп хабарлады филиалдың PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай, Рудный және Тобылда ХҚКО-на баруға тек алдын ала тексеру арқылы ғана рұқсат етіледі. Кезекке 1414 бірыңғай байланыс орталығы, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, eGov mobile және Telegram бот EgovBotKz2.0. қосымшасы арқылы тапсырыс беруге болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓