Басшы болуға мүмкіндігі бар
"Іскер-Арқалық" ЖШС қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді. Ұжымда 85 адам еңбек етеді. Серіктестіктің 4 учаскесі бар. Бақытын еңбектен тапқысы келгендерге мұнда да еңбек етуге мүмкіндік мол.
– Бізде электрик, дәнекерлеу сияқты мамандар көп жетісе бермейді. Байырғы мамандар үлкен қалаларға қоныс аударған. Бір аптадан бері Дархан Серікбай есімді азамат келіп жұмыс істеуде. Өзінің іскерлігімен көзімізге түсті. Келген бетте берілген тапсырмаларды орындап, жұмысын игеріп әкетті. Ризамыз. Осындай жастар іске көп тартылса нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы, өмірлік тәжірибе көрсетіп жүргеніндей төменнен бастаған жұмыс әрдайым нәтижелі болады. Үлкен мекемелерде жастар біліп тұрғанын көрсете алмауы мүмкін. Мұнда мүмкіндік өте жоғары. Жастардың талаптанып келіп жатқанына өте қуаныштымыз. Жас маманымыз өзін осылай жақсы көрсете берсе бас энергетик болып көтеріліп кетуіне толық мүмкіншілігі бар. Ең бастысы тұрғындардың, тұтынушылардың алғысына бөленеді.