Кран машинисінің келешегі зор

Қазіргі еңбек нарығында техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Мұндай мамандыққа барған жастар оқуларын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу үшін көп әуреленіп жатпайды. Мәселен, кран машинисінің мамандығымен жастар тәжірибесінен өтуге келген жас маманды "Алюминқұрылыс" ЖШС құшақ жая қарсы алды. 
АлюминқұрылысАйдос Алтынбай,  жастар тәжірибесінен өтуші:
– Қостанай қаласынан оқу бітіріп келдім. Оқуымды жақсы оқыдым. "Алюминқұрылыс" мекемесінде тәжірибеден өтіп жатырмын. Осы жұмысқа қалуды армандаймын. Жұмыс тауып беріп жатқан үкіметке рахмет айтамын. Жастар мен сияқты оқи берсін. Соған тілектеспін.
Марат Атығаев,"Алюминқұрылыс" ЖШС механикалық бөлімінің басшысы:
– Үкіметтің жасап жатқан үлкен көмегімен жастар жұмысқа келді. Осындай жастар бізге көп келе берсін дейміз. Жастар – біздің ізбасарларымыз. Көркейте берсін, жастар Қазақстанымызды!  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓