Қоржында – 10 медаль!

Жақында Көкшетауда қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Орал, Астана, Қостанай, Көкшетау, Тараз, Екібастұздан арнайы 17 команда келді. _MG_9716Қостанайлықтар бұл турнирге 13 спортшы апарды. Нәтиже жаман емес. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Барлық жекпе-жек шеберлері жақсы өнер көрсетіп, 10 медаль еншіледі. Осы жарыста қарсыластарының бәрін ұтқан Кирилл Каяфа «Ең үздік спортшы» атағымен қоса, шебер әдіс-тәсілдер көрсеткені үшін марапатталды._MG_9709
– Біз апарған балалардың барлығы 3-4 жекпе-жектен өткізді. Бұл турнирге тыңғылықты дайындалдық. Енді Азия чемпионатына дайындықты бастаймыз. Негізгі мақсат – үздік үштіктен көріну, – деді «Темірлан» спорттық-әскери клубының жетекшісі Руслан Сексенбаев.
Көкшетау татамиінде өткен додада өзінің жылдамдығымен, техникалық шеберлігімен ерекшеленген Әли Дидарұлы мен Александр Ольховский де білікті мамандардың жоғары бағасын алды.57ed2286-cd08-4026-8980-14e1a4d8112dРеспубликалық турнирден іріктелген спортшылар Тәжікстанның Гулистон қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысады. Байрақты бәсекеде 12-17 мамыр аралығында өтеді._MG_9734
 
Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓