Жұмыс әлеуеті зор

Мемлекет қамқорлығымен ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік жұмыс орындарының да әлеуеті зор. Кезінде түрлі себептермен мамандық ала алмай, тұрақты жұмысқа тұруға мүмкіндігі болмай жүрген жандарға үлкен демеу. Еңбек биржалары оларды жұмыс берушілермен келісе отырып, белгілі бір мерзімге жұмысқа жібереді. Еңбекақының 35%-ын үкімет төлеп береді. Бұл бір жағынан жұмыс орындарына да тиімді жағдай.
БазылбекБазылбек Бержанов, аула сыпырушы:
– Бес балам бар. Жолдасым қайтыс болған. Жұмыспен қамту бөлімінің арқасында жұмыссыз жүрген кезім жоқ. Мен де сенімді ақтап, ісімді тиянақты істеуге тырысамын. Үкіметтің қамқорлығына зор рахмет.
Мейрамгүл Бекбулатова, қағаз тігуші:Мейрамгүл
– Жұмысыңның болғаны жақсы ғой. Ортадан сырт қалмай, өзіңнің қоғамға қажеттігіңді сезінесің. Мүмкіндігімше жұмыс істеп жатырмын.
Алғыстан басқа айтарым жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓