“Әнім де саған, жырым да саған, Науырзым!”

Осындай тақырыппен Науырзым аудандық кітапханасында мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл кеш мереке бастауы іспеттес. Кітапхана қызметкерлері кешке жан-жақты дайындалып, өткенді саралады.науырзы 1
Отырыста ауданның алғаш құрылған жылдары, онда еңбек еткен азаматтар жайында сөз болды. Одан қалды "Науырзым ауданына – 50 жыл" атты кітап көрмесі мен фото-шежіре өте қызықты әзірленіп, көпшілікті өзіне тартты. Мұнда қойылған әрбір сурет тарихи құжат сияқты. Әр суреттің өзіндік сыры мен шежіресі бар.
Басқосуға арнайы шақыр- тылған қонақтардың қатарында ауданның құрметті азаматы  И.Тасқымбаев бар. Ол бүгінде зейнеткер. Бірақ көп жылдар аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болған. Аудандық газеттің бұрынғы редакторы А.Жарылғасымов та қонақтар қатарында. Олар бастан өткізген оқиғаларымен, естеліктерімен бөлісті.
Аудан мерейтойына жас талант иесі М.Рахманғалиев ән арнап, кештің ажарын ашты. Кеш соңында аудан әкімі Т.Даиров "Науырзым ауданының тарихы" тақырыбында ақпаратқа толы фото-альбом әзірлеу керек екенін айта кетті.
Айтолқын  АЙҚАДАМОВА
Суретте: кешке келген қонақтар.
Науырзым ауданы.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓