“Сала көшбасшысы – 2014”

 ҚР Ұлттық Бизнес рейтингтері одағы ұйымдастыру комитетінің шешімімен "Арқалық қалалық малдәрігерлік стансасы" МКК "Сала көшбасшысы – 2014" атанып, республика бойынша 17 , облыс бойынша  1 орынды еншіледі. 
DSCF5137DSCF5129
 – Ұжымымызда 46 адам жұмыс істейді. Ауылдық мекендеріміз мал дәрігерлік мамандармен толық қамтылған. Қызметтік көлік, компьютерлік жабдықтар жеткілікті. Мамандарымыз халыққа тегін қызмет көрсетеді. Ауру малдарды  оқшаулап, аулаларды залалсыздандыру жұмыстары ерте бастан жүргізіліп қойған. Қазіргі таңда ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру заңына сәйкес жаңа туған төлдерді сырғалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге  асыл тұқымды ірі қара 62, ұсақ мал 68 пайызға орындалды.
 Қан алу мен екпе жұмыстары да уақытылы жүргізіледі. Биылғы көктемгі шараларда ірі қара 108, ұсақ мал 100, жылқы 126 пайызға  қамтылды. Қазіргі таңда Восточный, Ашутасты, Аңғар ауылдарында мал тұқымын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыру шаралары жүргізілуде, – дейді кәсіпорын басшысы Қайрат Сағитұлы.
  "Еңбек түбі береке" деген. Сала көшбасшысыларының сый құрметтері де салмақты. Жоғарыдағы олжалы орындармен қоса кәсіпорын басшысы Қ. Қайнулдин "Қазақстан экономикасы. Даңқ жұлдызы" орденімен, есепшісі К. Бірімжанқызы "Еңбектегі жетістіктері үшін" медалімен, мамандары: М. Бижанов пен С. Нұрлыбеков "Жыл маманы – 2014" сертификатымен марапатталды.
 
 Мұрат Жүнісұлы
 Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓