Қала күніне – салтанат сарайы
Қостанай қаласының 135 жылдығына орайластырылып, КСК шағын ауданында бой көтерген жаңа неке сарайы жақын күндері жұмысын бастамақ.
Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Самат Жанділдиннің айтуынша, салтанатты ашылу рәсімі 16 тамызда сағат 13.00 де өтеді. Осы күні жас жұбайлардың некесі қиылып, 50 жыл отасқан алтын той иелерін марапаттау жоспарланған. Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасады.
Қарлығаш Оспанова