Кедендік рәсімдеу аймағы құрылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен еліміздің барлық өңірінде кедендік рәсімдеу аймағы құрылады.  Бұл жайында бүгін елордада өтіп  жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің 5-отырысы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. кеден«Әрбір өңірде кедендік рәсімдеу аймағын құру туралы шешім қабылданды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыстарға ұсыныс жасап отыр. Егер бізде серіктестер болса, онда ол беруге дайын. Кедендік рәсімдеу аймақтары стандартқа сай, бизнеске ыңғайлы болуы үшін палатаға бермек. Біз жеке инвесторлармен бұл жұмысты жүзеге асыруымыз қажет. Нәтижесінде палатаның беделі мен мүмкіншілігі көтерілетін болады», – деді Мырзахметов.
Оның сөзіне қарағанда, Үкімет басшысы кеден арқылы жүктердің жедел өтуі жұмыстарын жеке бақылауында ұстап отыр. Кедендік кедергілерді, әсіресе, Ақтауда түбегейлі қысқарту жөніндегі жоспарға қол қойылған. Премьер-Министр Ақтауға үш мәрте барып, жағдайды зерделеп қайтты. Нәтижесінде құжаттар саны қысқартылып, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау кеденде жүзеге асырылатын болды. Ең бірінші кезекте Ақтау мен Қорғастағы кедендік инфрақұрылым жақсартылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓