«Дүниенің басы – сайран, түбі – ойран» болмас үшін

        Өткен жылы облысымызда жасалған жемқорлық қылмысынан 55 адам сотталған (2016 жылы 45 адам) екен.     Парақорлыққа баратындардың ең көбі әкімдік қызметкерлері – 25, ішкі істер органы – 20. Бұдан бөлек, әділет, мәслихат, темір жол, ауыл шаруашылық салалары да бар. Жазаға кесілгендер пара алу, өкілеттілігін асыра пайдалану, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену мен талан-таражға салу, парақорлыққа делдал, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу, қызметін асыра пайдалану, пара беру, қызметтегі әрекетсіздігі қатарлы қылмысқа барғандар. Осы жайында және өткен жылдың қорытындысын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратмент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте баяндады.1 рус
            – Керісінше, әкімшілік жаза басқандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 51%-ға азайыды. 49 әкімшілік іс қозғалып, оның 11-і тоқтатылған. Қостанай облысы республикада 5-ші орында тұр. Құқық бұзу деректері пробация, жол қозғалысы, білім, жеке кәсіп, денсаулық, әкімдік, табиғи монополия, бәсекелестікті қорғау, ауыл шаруашылығы, ТКШ салаларын қамтып отыр. Өткен жылы біздің департаменттің материалдары бойынша 3 тұлға жемқорлық жазасына тартылды. Барлығы жұмысқа заңсыз қабылдау деректері бойынша қозғалған, – деді Е.Салықбаев.
            Мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретіндер де жазасыз қайлмайды. Былтыр осы тәртіпті бұзған 13 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Олардың арасында әкімдік, ішкі істер органы, әділет, мемлекеттік кіріс, тұтынушылар құқығын қорғау салаларының өкілдері бар.FINAL_Mimo_v2-07
            Жемқорлықты болдырмау, мемлекеттік қызметке адалдықты арттыру мақсатында департамент өткен жылы семинарлар, дөңгелек үстелдер, форум-конференция, брифинг, байқау, қоғамдық қабылдау, көпшілік акциялар, спорттық жарыстарға толы 900-ден астам шара өткізген екен. Аудан-қалаларда бильборд, баннерлер ілініп, 4 миллионнан астам плакат, жадынама, үнпарақтар таратылыпты.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓