“Жасыл дәрі” сот алдына апарады

Қостанайда жолаушысын сұйық жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген такси жүргізушісі сотқа тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз орталығына сілтеме жасап. зеленк«Іс мән-жайы қаралып, ақырғы шешім қабылдануы үшін Қостанай қ. №2 сотына жіберілді», – делінген хабарламада.
 Бұған дейін БАҚ беттерінде хабарланғандай, өзін Мұрат аға деп таныстырған қостанайлық такси жүргізушісі  жол ақысын төлемеген бойжеткенді жасыл сұйық дәрімен бетін жууға және өзінен кешірім сұрауға мәжбүр еткен.  
«Өзінің заңға қайшы әрекетін Б. есімді азамат қоғамға деген немқұрайлылығын айналаға көрсету мақсатында камераға түсіріп алған», – делінген баспасөз парағында.
Одан кейін Б. видеоны өз таныстарына жібере бастаған, осылайша видео әлеуметтік желіге тарап кеткен. Қалалық ІІБ сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қылмыстық тергеу органдары Б. әрекеттерін ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес деп тапты және бұл бап бойынша 2000-4000 дейінгі АЕК мерзімінде айыппұл салу және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓