“Аманат” қоғамдық бірлестігі ашылды
"Тұрлыбекова" жеке кәсіпкерлігі моноқала бағдарламасы арқылы "Газель" көлігін сатып алды. Оған қосымша қондырғылар орнатып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге бекінді. Айтқандай міне, "Аманат" атты ерікті қоғамдық бірлестігін ашып отыр. Әзірге мұнда 3 адам жұмыспен қамтылған.
– Мұндай қызмет бұған дейін қалада болған емес. І-ІІ топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеміз. Жұмыспен қамту бөлімі, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Сұранысқа сай күніне сегіз сағат жұмыс жасалады. Диспечерлік қызметіміз арқылы (7-54-10) тапсырыстар қабылданады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды дүкен, емхана, кітапхана сияқты қажетті орындарына тегін апарып, белгілі бір уақыт мөлшерімен қызмет көрсетеміз.