Бизнес қазақша білуі керек

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинскаямен кездесу өтті. Мәжілісмен көрнекі ақпарат мәселелері бойынша заң жобасына енгізілген түзетулер туралы айтып берді.
Кездесуде Қостанай облысында мемлекеттік тілді үйрену үшін қандай жағдай жасалғаны туралы да сөз болды.
"Бұл заң жобасы БАҚ және әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда. Бүгін мен оның бірер бөлігіне тоқталғым келеді. Біріншіден, бұл деген орыс тілінің қолданылуын шектеу немесе қысқарту емес. Заң мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және оны құқықтық салада қолдану аясын кеңейтуге бағытталған", – деді Юлия Кучинская.
Депутат барлық ақпарат екі тілде бірдей берілумен қатар, қаріптер түсінікті және айқын болуы керек екенін атап өтті. 
Жаңа заңнамада жарнама хабарландыруларын, баға белгілерін, мәзірлерді, көрсеткіштерді және басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және басқа да тілдерде орналастыру нормасы да бекітіледі.
"Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін барлық жағдай жасалуға тиіс. Біз айналадағы өзгерістерге ашық болуымыз керек. Мен өзім мемлекеттік тілді оқып, онда еркін сөйлеу үшін қолдан келгеннің бәрін істеймін", – деді депутат.
"Тілдарын" облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова кездесуде кәсіпкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін өңірде қандай жағдайлар жасалғанын айтты.
Облыста тілдерді оқытудың 20 орталығы жұмыс істейді, оның базасында әрбір азаматтың тіл үйренуге мүмкіндігі бар. Облыстық "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығы 2020 жылдың қараша айынан бастап кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік тілдің қысқа мерзімді курстарын тегін іске қосты.
Сабақтар аптасына екі рет онлайн және оффлайн форматта өтеді.
"Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл курстары ірі кәсіпорындарда, сондай-ақ ОӘД және «Наурыз» сияқты ірі сауда нүктелерінде жүргізілуде. Тіл орталығының әдіскерлері 48 сағатқа арналған бағдарлама әзірледі. Онда салалар бойынша лексикаға баса назар аударылады, сондай-ақ күнделікті қолдануға арналған қызмет салалары бойынша сөздіктер әзірленді. Сонымен қатар, материалды қайталау және бекіту үшін Орталықтың ютуб арнасы құрылды", – деді Жұлдызай Ербатырова 
Жеке жарнама агенттіктері арасында латын графикасының дұрыс нұсқасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық "Тілдарын" тілдерді оқыту орталығы "СөйлеTime" клубының жобасын іске қосты. Бұған кез келген адам қатысып, қазақ тілін еркін форматта, грамматикасыз интерактивті режимде үйрене алады. 
"Мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық ниет білдірушілерді қысқа мерзімді мемлекеттік тіл курстарына, "СөйлеТіме" клубына жазылуға шақырамыз. Тілді тегін оқи аласыз. Телефон арқылы жазылу 54-44-56", – деп тоқталды Жұлдызай Ербатырова.
Кездесу соңында кәсіпкерлер тақырып бойынша бірқатар сұрақтар қойды.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев іс-шараға қатысушылар атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинскаяға жемісті кездесу үшін алғыс білдірді.
Асыл ҚАСЫМ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓