Кемшіліктер бар

Арқалық қаласы бойынша Өңірлік арнайы мониторингтік топтың мүшелері Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп Қостанай облысының оңтүстік өңірінің автомобиль жолдарының құрылысына мониторинг жүргізді.
дороги
Құрамында мердігерлік ұйымдар, техникалық қадағалау органдары және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының өкілдерінен біріккен Комиссия күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан "Жезқазған – Петропавл" автожолының 292 шақырымында Ковыльный кенті ауданында көпір өткелін салу бойынша жұмыстардың жүргізілу барысын қарап шықты.
Тексеру кезінде мердігер компания көпірдің екінші аралығының учаскесінде аралық құрылыстардың арқалықтарын монтаждауды жүргізген, сондай-ақ көпірге кіреберістерді салып, су өткізу құрылыстарын құрап және өзге де жұмыстар әлі де жүргізілуде.
 Жұмыс тобы жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша, жүргізілген жұмыстар кезеңінде кемшіліктер анықталды, мысалы, темір-бетон бұйымдарын қоймалау барысында нормалардан тыс ауытқумен жүргізілген, құбыр жіктерін желімдеу гидрооқшаулауы да сапалы орындалмаған, техникалық құжаттаманы жүргізуге қатысты да бірқатар мәселелер бар.
Мамандардың айтуынша, қажетті түзетулер қысқа мерзімде жойылады. Жұмыс тобының мүшелері барлық кемшіліктерді жою бойынша өз ұсыныстарын айтып, мердігерлік ұйымдарға құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу қажет екенін ескертті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓