Меморандумға қол қойды

Бүгінде облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту мақсатында бірқатар жұмыстардың атқарылып жатқаны белгілі. Бизнес пен жергілікті атқару билік өкілдері өзара ынтымақтастықты нығайтуда  меморандумға қол қойып, келісімшарт жасады. QAGvm4eM240
(Сурет "Костанайские нововсти" газетінің сайтынан алыныд)
Атап айтсақ, бәріміз білеміз,  облысымызда балабақшаға деген кезектің өткір мәселе болып, күн тәртібінен түспей тұр. Сондықтан да  балалардың кезегін  азайту аясында бірінші жоба бойынша, облыстық білім басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы В.Цымбалюк осы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде  жеке кәсіпкер В. Деревянкомен келісімшарт жасап, меморандумға қол қойды. Жоба бойынша Қостанай ауданы Заречный селосында үш жүз жиырма орынды балабақша салынады. Балабақша құрылысын салып, оны жүзеге асыратын жеке кәсіпкер В. Деревянко болады.
Ал, екінші жоба бойынша  облыстық құрылыс басқармасының өкілдері Лисаков қаласындағы «Спецстальконструкция» ЖШС-нің жетекшісі А. Аманмен келісімшарт жасап, меморандумға қол қойды.  Бұл жоба бойынша серіктестік жатақхана ғимаратын қалпына келтіріп, он алты пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйге  айналдыратын болады.
Үшінші жоба аясында облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы»(жетекшісі С.Матвиенко) мен  Рудный қаласындағы «Сервис Центр «Абат» ЖШС-нің директоры В.Клинковский арасында келісімшарт жасалып, меморандумға қол қойылды.  Келісімшарт бойынша  кәсіпкер  Парк көшесіндегі «Futsal Apena» спорт залын жалға алады. Бұл нысан өткен жылы салынып, пайдалануға берілді. Енді жеті жыл бойы  осы спорт залында «Аят» клубының жеткіншектері мен қаланың спорт сүйер қауымы жаттығады.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓