САУАПТЫ ІСКЕ АСЫҚҚАН (Фоторепортаж)

Бүгін қостанайлық «Тобыл» футбол клубының ұжымы қайырымдылық аукционнын өткізді.IMG_3335
 
IMG_3329«МАРТ» сауда орталығында «Тобыл» ойыншыларының ойын киімдері бәссаудаға түсті. Осымен жетінші рет өткізіліп отырған қайырымдылық аукционына қостанайлық 9 футболшының киімі сатылды. Бұл шараның мақсаты – көмекке зәру Аружан Нұржановаға қол ұшын созу. 3 жасар баланы аман алып қалу үшін Германияда ота жасау керек. Емдеу құны – 95 000 евро. Аукционды ұйымдастырушылардың бірі – «ГрИн» Азаматтық Альянсы қоғамдық қорының жетекшісі Динара Өтебаеваның сөзінше, Аружанға тез арада көмектесу қажет. Сол себепті, осындай шаралардың маңызы зор.IMG_3332
 
IMG_3357
IMG_3365
IMG_3375
IMG_3377
IMG_3382Әуелгіде жиналғандар аса белсенділік таныта қоймағанмен бара-бара бәссауда қыза түсті. Бастапқы бағасы 500 теңгеден басталған футболкалар әртүрлі бағаланды. Мәселен, чехиялық легионер Эгон Вухтың киімі 8000 теңгеге сатылса, Марк Гурманның киген формасы 4000 теңгеге өтіп кетті. Ал Нұрбол Жұмасқалиевтің жейдесі ең қымбатқа бағаға сатылды. Ол үшін Жанат есімді жанкүйер 22800 теңгесін аямады. Айта кетейік, бұл бәссаудаға Челябі облыстық «Достық үйінің» директоры Юлия Лапидус те қатысты.IMG_3388
 
IMG_3427
IMG_3414
IMG_3475
IMG_3398
IMG_3455«Мұндай қайырымдылық акциясын клуб жыл сайын ұйымдастырады. Ауыр науқасқа шалдыққан балаларға шама-шарқымызша қаржылай көмек беріп келеміз. Қоғамның бір бөлшегі – бала денсаулығына қостанайлықтар ешқашан бей-жай қараған емес. Сондықтан, аукционға қатысушылар өте сауапты іске ұйытқы болды деп батыл айта аламын»,-дейді «Тобыл» футбол клубының жанкүйерлермен байланыс жөніндегі маманы Марат Күзембаев. 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓