Жақыныңа көмектес
ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамының Қостанай облыстық филиалы «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығына және ММ барлық ұжымына «Жақыныңа көмектес» жыл сайынғы акциясына белсенді қатысқандары үшін өз алғыстарын білдірді.
Жыл сайын филиалға мыңдаған адам көмек көрсету туралы өтініш білдіреді. Қоғам жұмыскерлері сырқаттанғандарға, жалғыз қалған қарттарға, әр түрлі жағдайларға байланысты көз жазып қалған туған-туыстарын іздегендерге олармен байланыс орнату арқылы көмек қолын созады.
Қызыл Жарты Ай Қоғамы қиын өмірлік жағдайда қалған адамдарды киіммен, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Ал жетім қалған балаларға арнайы бағдарлама шеңберінде материалдық көмек көрсетіледі. Қоғам алғашқы көмек көрсетумен кәсіби тұрғыда айналысады.
Бюджет мүшелік жарна және демеушілердің есебінен қалыптасады. Қазіргі уақытта Қостанай қаласында Қызыл Жарты Ай эмблемасы бар бес қайырымдылық қорабы есептеледі.