Жаңа марка құрастырылады

Қостанайлық машина жасаушылар өзбекстандық әріптестерімен бірге серіктестік туралы стратегиялық құжатқа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.седан  Енді Ravon Nexia R3 маркалы седан көлігі Қазақстанда, яғни «СарыаркаАвтоПром» өндіріс алаңында жиналатын болады.
Кәсіпорынның Қостанайдағы бөлімшесінің баспасөз хатшысы Ангелина Синева бұл жағдайға «біздің компаниямыздың және Қазақстандағы барлық автопромның көптен күткен оқиғасы» деп пікір білдірді. Өзбекстандағы жеңіл автомобиль өндірушісі және экспорттаушысы «GM Uzbekistan» АҚ қазақстандық ұлттық автокөлік құрылғыларын өндіруші «AllurGroup» компаниясымен бірлесіп, Қостанайдағы кәсіпорында ірі блок құрастыру технологиясы (SKD) бойынша Ravon Nexia R3 моделін өндіру жобасының соңғы кезеңіне кірісті. Жоба аясында «GM Uzbekistan» АҚ мен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.
Алғашқы кезеңде Қостанай қаласында SKD өндірісті Ravon Nexia R3 седаны жылына 3 мыңға дейін автомобиль шығаратын болады. Кейін кезең бойынша автомобиль өндірісі 7 мыңға дейін артады. Ravon Nexia R3 автомобильдері AllurAuto және «УзАвто Азия» ЖШС компанияларының дилерлік желілері арқылы жүзеге асырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓